logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS Қостанайда Ұстаздар күні мерекелік көңіл күймен аталып өтті

05 қазан 2026 11:47

Ұстаздар күніне орай мектебімізде дәстүрлі «Өзін-өзі басқару күні» өтті. Бұл күні оқушылар ұстаздардың рөлін атқарып, сабақ өткізу арқылы мұғалім еңбегінің жауапкершілігі мен маңызын сезінді.

Мектеп директоры Гульнара Дусказиева мектеп Президенті Бауыржан Амиргалиевке директор кабинетінің кілтін салтанатты түрде табыстады. Осылайша, бір күнге мектеп басқаруы оқушылардың қолына өтті.

«Өзін-өзі басқару күні» оқушыларға көшбасшылық қабілеттерін шыңдап, жауапкершілік танытып, мұғалім мамандығының қыр-сырын түсінуге мүмкіндік берді. Ал ұстаздар қауымы өз шәкірттерінің жаңа қырынан көрінгеніне куә болды.