logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS Қостанайдың жаңа Президенті ұлықталды

09 қазан 2026 15:25

Қостанайдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының жаңа Президентін ұлықтау рәсімі өтті.

2026–2027 оқу жылының NIS Қостанай Президенті болып 11C сынып оқушысы Арыстанбек Ескендір сайланды. Бұл – мектеп өміріне белсенді араласып, оқушылардың бастамаларын қолдауға және мектеп қауымдастығының дамуына үлес қосуға бағытталған маңызды қадам.

Іс-шара барысында 2025–2026 оқу жылының Президенті Бауыржан Амиргалиев өзін-өзі басқару кеңесінің мүшелеріне бірлескен жұмыстары мен мектеп өміріне қосқан үлестері үшін алғысын білдіріп, оларға Алғыс хаттар табыстады.

Жаңа Президентке жауапты қызметінде сәттілік, тың идеялар мен жарқын бастамалар тілейміз!