Жаңалықтар
NIS Қостанайда ашық есік күні өтті
24 қазан 2026 15:41
NIS Қостанайда ашық есік күні ұйымдастырылды. Шара Қостанай облысының оқушыларына арналып, олар зияткерлік мектептің тыныс-тіршілігімен танысуға мүмкіндік алды.
Кездесу барысында қатысушыларға мектеп бойынша экскурсия ұйымдастырылып, NIS-ке оқуға түсу тәртібі, оқу үдерісін ұйымдастыру және тәрбие жұмыстары туралы толық ақпарат берілді.
Сондай-ақ 2027–2028 оқу жылына арналған «Өркен» білім беру гранты бойынша Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарына құжат қабылдау және конкурстық іріктеу мерзімдері белгіленді. Құжат қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 23 қараша мен 28 желтоқсан аралығы.