Жаңалықтар
«Патриоттық әндер фестивалі»
25 қазан 2026 10:25
Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Республика күніне орай 5–9 сынып оқушылары арасында «Патриоттық әндер фести валі» ұйымдастырылды.
Фестиваль барысында шаңырақтар туған жерге деген сүйіспеншілікті, ұлттық рух пен отансүйгіштік сезімді патриоттық әндер арқылы жеткізді. Әрбір өнер көрсету оқушылардың шығармашылығы мен бірлігін көрсетті. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде патриотизмнің азаматтық жауапкершілікпен ұштасуы маңызды екенін атап көрсеткен болатын.
Іс-шара соңында қатысушылар әртүрлі номинациялар бойынша марапатталды. Фестиваль оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырып, туған елге деген мақтаныш сезімін нығайтуға ықпал етті.