logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS Қостанай – баскетболдан желілік жарыстың жүлдегері

31 қазан 2026 14:17

Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде үш күн бойы өткен тартысты баскетбол жарысы өз мәресіне жетті. Дода барысында командалар жоғары дайындық деңгейін, командалық бірлікті және жеңіске деген жігерін көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша Қостанайдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің командасы ұлдар арасында жүлделі ІІІ орынға ие болды.

Оқушыларымыз жеке номинациялар бойынша да үздіктер қатарынан көрінді. Ұлдар арасында үздік шабуылшы – Космухамбетов Рустэм, қыздар арасында үздік шабуылшы – Чечулина Кира.

Жүлдегерлеріміз бен жеке номинация иегерлерін шын жүректен құттықтаймыз Жаңа жеңістер мен спорттық жетістіктер тілейміз!