logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS Қостанай оқушылары республикалық ғылыми жобалар конкурсының жүлдегерлері атанды

03 қараша 2026 10:28

2026 жылдың 28–30 қазан аралығында Алматы және Астана қалаларында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ филиалдарының 9–12-сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша жаратылыстану-математикалық бағыттағы Республикалық ғылыми жобалар конкурсының желілік кезеңдері өтті.

Байқау қорытындысы бойынша NIS Қостанай оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды:
 І орын «Робототехника. STEM» секциясы – Алматова Алина
 ІІ орын «Робототехника. STEM» секциясы – Алпысбаев Бектемир

ІІІ орын:
 «Математика. Қолданбалы математика» секциясы – Кенжалина Ділназ
 «Робототехника. STEM» секциясы – Борисов Богдан, Тиржанова Мадина
 «Физика. Инженерлік ғылымдар» секциясы – Ахметжанов Султанбейбарс
 «Физика. Инженерлік ғылымдар» секциясы – Қазым Әсемгүл
 «Экономика және қаржы» секциясы – Баймаканов Данияр
 «Тіл білімі (қазақ тілі)» секциясы – Сәндібек Нұрсая

Оқушыларымызды және олардың ғылыми жетекшілерін лайықты нәтижелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Жас зерттеушілерге конкурстың келесі кезеңінде сәттілік, жаңа ғылыми жаңалықтар, тың идеялар мен жарқын жеңістер тілейміз.