logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS Қостанайдың «Hard Chord» ансамблі халықаралық байқаудың жүлдегері атанды

04 қараша 2026 10:33

Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Hard Chord» вокалды-аспаптық ансамблі Астана қаласында өткен VII Халықаралық өнер байқауы-фестивалі «Arte Italiana» фестивалінде жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

15–18 жас аралығындағы қатысушыларға арналған «Hard Chord» санатында ансамбль екі ән бойынша өнер көрсетті:
 І орын – «Эй, лапылда!» әні.
 ІІ орын – «Қайда» әні.
Ансамбль жетекшісі – Булат Сейтмуратов.
Өнерімен көрерменнің ықыласына бөленіп, халықаралық деңгейде мектебіміздің мерейін асырған ансамбль мүшелерін және жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық шабыт, жаңа белестер мен толағай табыстар тілейміз.