logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Ұмытылмас ерлік: Қызылордадағы NIS қауымдастығы ҰОС ардагерлерін құттықтады

08 мамыр 2025 16:33

Жеңіс күні қарсаңында Қызылорда қаласындағы NIS оқушылары мен ата-аналары Ұлы Отан соғысының ардагерлері Тілеуберген Тобабергенов пен Яхия Тасыровқа арнайы барып, құттықтады.

Жылы жүздесу барысында оқушылар ардагерлерге алғыс айтып, ел үшін жасаған ерліктері үшін ерекше ризашылықтарын білдірді. Аталар зияткерлерге ақ батасын беріп, сәттілік тіледі.

Мұндай кездесулер – ұрпақтар арасындағы рухани көпір, тарихи естеліктерді жаңғыртатын тағылымды сәт. Ардагерлердің ерлігі – ұлттың ұлы мұрасы. Оны құрметтеу – әр ұрпақтың қасиетті борышы.