Жаңалықтар
Ерлікке тағзым: Қызылордадағы NIS-те әскери-спорттық турнир өтті
07 мамыр 2025 16:35
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына және Отан қорғаушылар күніне орай Қызылордадағы NIS-те «Ерлікке тағзым» атты әскери-спорттық сайыс өтті.
Сайысқа 11-сынып оқушыларынан құралған 8 команда қатысты. Взводтар төрт кезең бойынша өзара сынға түсті: Калашников автоматының макетін бөлшектеу және жинақтау, взвод командирлерінің сайысы, пневматикалық винтовкадан нысанаға ату және саптық жүріспен патриоттық ән орындау. Турнир соңында қазылар алқасы әр кезең бойынша жеңімпаздарды анықтап, үздік қатысушыларға жүлделер табыстады. «Жеңіс» кубогын 11 «Н» сыныбының оқушылары иеленді.
«Іс-шараның мақсаты –жастарды отансүйгіштікке, жауапкершілікке, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Отан үшін от кешкен батырларымыздың ерлігін ұмытпай, жас ұрпаққа ұлықтау – біздің парызымыз», – дейді АӘТД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Досжан Несіпбаев.