logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Меруерт Бекишева – "Best Mediator Award" сыйлығының иегері

28 сәуір 2025 16:43

Қызылордадағы NIS оқушысы Меруерт Бекишева AAIFC Eurasia 2025 медиация байқауының финалында "Best Mediator Award" сыйлығын жеңіп алды.

AIFC Court и IAC Eurasia Initiative ұйымдастырған халықаралық байқауға Қазақстан, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркияның 20 орта мектебінен 60-тан астам оқушы қатысты. Олар ағылшын тілінде тараптардың медиация дағдыларын көрсетті. Жарыс дауларды тиімді шешу орталығының (CEDR, Лондон) стандарттары бойынша өтті және дауларын шешу жөніндегі келісімдер жүргізуге бағытталған жеке, командалық тапсырмаларды қамтыды.

Ақтық кезең Астана халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) өтті. Байқау қорытындысы бойынша Меруерт AIFC Court and IAC бағдарламалары аясында тағылымдамадан өтуге ұсыныс алды.

AIFC Court and IAC жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес сот және медиация қызметтерін ұсынатын және Еуразиялық аймақтағы бизнес-ортаны дамытуға бағытталған дауларды шешудің халықаралық институттары болып табылады.

Меруерт Бекишева — ағылшын тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Камилла Қлышбекованың бастамасымен құрылған мектептегі Ағылшын лигасы пікірсайыс клубының белсенді қатысушысы.