logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Жобалар фестивалі

22 сәуір 2025 16:53

Қызылорда қаласындағы NIS-те 8 және 11 сынып оқушылары арасында І мектепішілік жобалар фестивалі өтті. Бұл шаражас зияткерлердің жоба мәдениеті мен зерттеу дағдыларын дамытуына үлес қосты.

Қатысушылар экология, экономика, құқық, медицина, әлеуметтік және академиялық мәселелер, сондай-ақ халықтың әл-ауқатына қатысты тақырыптарды қамтитын тоғыз бағыт бойынша барлығы 155 жоба ұсынды. 8-сынып білім алушылары қазіргі заманның өзекті мәселелерін шешуге арналған идеяларын таныстырды. Ал 11-сынып оқушылары тәлімгер ретінде кіші сыныптарға деректерді жинау мен талдауға, нәтижелерді ұсынуға және көпшілік алдында таныстырылым жасауға көмектесті.

Фестиваль өзін-өзі тану, тәжірибе алмасу және белсенді оқу ортасын қалыптастырудың маңызды алаңына айналды. Мұнда әрбір оқушы өз ойын жеткізуге және мектеп қауымдастығының дамуына үлес қосуға мүмкіндік алды.