Жаңалықтар
"Book Start" жобасы: кітап оқу отбасынан басталады
10 сәуір 2025 10:07
"Book Start" жобасы аясында Қызылорда қаласындағы NIS-тің кітапхана ұжымы ата-аналарды балалардың кітапқа деген қызығушылығын ерте жастан қалыптастыруға бағытталған іс-шара өткізді.
Іс-шараға мектеп қызметкерлері өз балаларымен және «Шаттық» балабақшасының тәрбиеленушілері ата-аналарымен бірге қатысты. Бұл жолы іс-шараға әкелердің белсенділігі жоғары болды.
Кішкентай қатысушылар бояулар мен бейнелер әлеміне еніп, сурет салды. Ал ата-аналар топтарға бөлініп, «Әке. Ана. Бала. Кітап» тақырыбында интеллект-карта жасады. Яғни, балалармен қалай бірге кітап оқу, бұл үдерісті қызықты әрі пайдалы ету жолдарын қарастырды.
«"Book Start" – бұл кітап оқитын отбасыға апарар жол. Кітап – ұрпақтарды жалғайтын алтын көпір», – дейді ұйымдастырушылар.


