Жаңалықтар
Қазақ тілінен қола медаль
10 сәуір 2025 10:12
«Дарын» ғылыми-тәжірибелік орталығы ұйымдастырған республикалық қазақ тілінен олимпиадада қызылордалық NIS оқушысы Айя Сердалы қола жүлдегер атанды.

Аталмыш байқау Қазақстанның түкпір-түкпірінен дарынды оқушылардың басын қосты. Қатысушылар пән бойынша академиялық білімдерінің жоғары деңгейін көрсетті.

Бұл жүлде — Айя мен оның тәлімгері, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гауһар Мананбайдың қажырлы еңбегінің жемісі.