Жаңалықтар
Workout Fest-2025: Денсаулық күні және спорттық рекордтар
08 сәуір 2025 10:17
Дүниежүзілік денсаулық күніне орай Қызылордадағы NIS-те Workout Fest-2025 өткізілді. Іс-шараға 9-сынып оқушылары қатысып, Workout жобасы аясында жүргізілген жүйелі жұмыс нәтижелерін көрсетті.
Оқушылар әртүрлі спорт түрлерінен рекордтар орнатты. Бағым Ақтөре 8 минут 30 секунд бойы планкада тұрып, рекорд орнатты. Кеудені жерден көтеруден Нұрсұлтан Қуанышұлы 63 рет, ал отырып тұрудан Нұртілеу Сардан 103 рет жаттығу жасады. Пресс жаттығуында жеңімпаз болып Ару Махамбетова танылды. Турникке тартылуда Аят Жұлдыз жеңіске жетті және 1 минут ішінде секіртпемен 121 рет секірген Сұлупан Қосжан жеңімпаз атанды. Ал Бақдәулет Орынбасаров әуелетіп футбол добын түсірмей тебуден 140 рет қайталап, өзінің шеберлігін дәлелдеді.
Бұл жылы мектепте Workout жобасы енгізілді, ол оқушылардың физикалық дамуына ықпал етеді. Оқушылар өздеріне физикалық денсаулық бойынша мақсат қойып, оқу жылының соңына дейін үздіксіз орындайды. Нормативтерді артығымен орындап, ең жоғары нәтижелерді көрсеткен рекордсмендер Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің Рекордтар кітабына енгізілетін болады.



