logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«Көктем сазы»: Дина Жанузакованың шығармашылық кеші

28 мамыр 2025 13:12

Сыр өңіріндегі Назарбаев Зияткерлік мектебінде талантты жас пианист Дина Жанузакованың «Көктем сазы» шығармашылық кеші өтті. Динаның күйсандықта ойнау шеберлігі көрермендерді тағы да тәнті етті.

Кеш бағдарламасына классикалық және заманауи шығармалар енді. Атап айтсақ, танымал фильмдердің саундтректерінен попурри, Франц Листтің «Венгр рапсодиясы», Астор Пьяцолланың «Либертангосы», Арно Бабаджанянның «Ноктюрні», Арам Хачатурянның «Маскарад» балетінен вальс тыңдармандардың жүрегінде ерекше орын тапты.

Сондай-ақ, Дина өнердегі достары — мектеп солистерінің өнерлеріне сүйемелдеп, қазақ музыкасының классиктері Шәмші Қалдаяқов пен Илья Жақановтың шығармаларымен көрермендерді таңғалдырды.

Бұл кеш — әуен мен шабытқа толы шынайы музыкалық мерекеге айналды. Ата-аналар, мұғалімдер мен оқушылар музыкаға деген сүйіспеншілігі мен еңбекқорлығы үйлескен, жан-жүрегімен өнерге берілген Динаға деген ризашылықтары мен мақтаныштарын білдірді.

Дина Жанузакова академиялық білім мен өнерді қатар алып жүрген жас таланттың жарқын үлгісін көрсетті.