Жаңалықтар
Жыл үздіктері анықталды
04 маусым 2025 16:58
Қызылордадағы NIS-те оқу жылы барысында маусымдық пәндік олимпиадаларға белсене қатысып, үздік нәтиже көрсеткен оқушыларды марапаттау рәсімі өтті.
Бұл зияткерлік сайыстар — 7–11-сынып оқушылары арасында өткізілетін ішкі академиялық додалар жүйесі. Олимпиадалар математика, физика, химия, биология, информатика, қазақ, орыс және ағылшын тілдері, тарих, география және құқық пәндері бойынша өтті. Негізгі мақсат — оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, білім деңгейін көтеру және күрделі деңгейдегі зияткерлік сынақтарға даярлау.
Жыл қорытындысы бойынша ең белсенді және табысты қатысушылар анықталып, оларға атаулы медальдар мен естелік сыйлықтар табысталды. Сыйлықтар «Абзал и К» компаниясының демеушілігімен үлестірілді.
«Маусымдық білім додалары – мектептегі академиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызды бөлігіне айналды. Бұл әрбір оқушыға өз білімін көрсетуге, бәсекелестік ортада шыңдалуға және үлкен жетістіктерге ұмтылуға мүмкіндік береді», – деді мектеп директорының орынбасары Ербол Қайнарбаев.