Жаңалықтар
Жатақхана тәрбиешілері ата-аналармен жұмыстың жаңа моделін ұсынады
18 маусым 2025 11:58
Қызылорда қаласындағы NIS-тің тәрбиешілері Гүлзина Баймұрзаева мен Венера Жүгініс «Ата-ана – тәрбиеші рөлінде» атты авторлық бағдарламаны жасап шықты. Жоба ресми түрде авторлық құқық алды.
Бағдарлама бала өміріндегі ата-ананың рөлін арттыруға, әсіресе жатақханаға бейімделу кезінде отбасы мен мектеп арасында тығыз байланыс орнатуға бағытталған. Жыл бойы ата-аналар түрлі тәрбиелік және танымдық шараларға белсенді қатысып, баланың дамуына үлес қосады.
Ең басты ерекшелігі – ата-аналарға арналған пайдалы ақпарат пен материалдар топтастырылған арнайы мобильді қосымша әзірлеп шықты.
Бұл бастама – мектеп пен ата-ана арасындағы әріптестікті нығайтып, оқушының жан-жақты дамуына мүмкіндік береді.