logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS Challenge зияткерлік ойыны өтті

09 маусым 2025 12:02

Қызылорда қаласындағы Зияткерлік мектепте Alumni NIS түлектер қауымдастығының бастамасымен NIS Challenge зияткерлік ойыны өтті.

Ойынға 10 команда қатысып, 5 кезең бойынша сынға түсті. Қатысушылар шапшаңдықты, сыни ойлауды және топпен жұмыс істеуді қажет ететін қызықты тапсырмалар орындап, сайысты.

Түлектердің бұл бастамасы Alumni қауымдастығының мектеп өміріне белсенді араласып, қазіргі оқушыларға шабыт пен мотивация берудегі жарқын көрінісі. Ойын достық рухында, шабытқа толы атмосферада өтіп, қатысушылардың есінде жарқын әсерлер қалдырды.