Жаңалықтар
Қызылордадағы NIS TEDxYouth конференцияларын өткізуге лицензия алды
02 маусым 2025 12:08
Қызылордадағы NIS TEDxYouth конференцияларын ұйымдастыруға лицензия алды. Алғашқы конференция «Болашақты қалыптастыру: жастар – өзгерістерге қозғаушы күш» тақырыбына арналды.
Шараның басты мақсаты – тың идеяларды тарату, шешендік өнер мен зерттеу дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ топтық ынтымақтастық пен түрлі көзқарастарға сыйластықты дамыту.
Конференция барысында төрт оқушы өз ой-пікірлерін ортаға салып, қоғамдағы маңызды мәселелерді көтерді.
Аделина Финансова ұрпақтар сабақтастығы мен үлкендердің жастарды қолдауындағы рөліне назар аударса, Аружан Мұхамедия тұлғаның жасына емес, ішкі ұмтылысы мен идеяларына мән берілуі қажет екенін алға артты. Гүлім Болатқызы табыс кілті тәртіп пен өзін-өзі басқаруда екенін тілге тиек етті. Ал Меруерт Бекішева шығармашылық пен көшбасшылықтың өмірде қалай үндесетінін сипаттады.
Жас зияткерлердің тың ойлары YouTube желісіндегі TEDx Talks ресми арнасында жарияланып, 40 миллионнан асатын жаһандық аудитория назарына ұсынылды.