logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Доп ойында — әкелер алаңда

15 маусым 2025 12:17

Қызылорда қаласындағы NIS-те Әкелер күніне орай волейболдан турнир өтті. Спорттық шараға NIS пен «Білім-инновация» лицейі оқушыларының әкелерінен құралған командалар және Зияткерлік мектептің ер мұғалімдері қатысты.

Тартысты додада бірінші орынды NIS ұстаздары иеленсе, екінші орынды БИЛ лицейінің ата-аналары жеңіп алды. Ал үшінші орын NIS әкелер командасына бұйырды.

Турнир барысында ерекше көзге түскен ойыншылар арнайы номинациялармен марапатталды.

Бұл турнир спорттық мерекемен қатар, мектеп, ата-аналар және педагогтер арасындағы ынтымақтастықты нығайтқан маңызды оқиғаға айналды.