Жаңалықтар
Жаңа директор тағайындалды
25 тамыз 2025 17:35
Бүгін Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры болып Тусупбаев Акбар Аскарулы ресми түрде қызметіне кірісті.
Акбар Аскарулы NIS жүйесінде 10 жылдан астам еңбек етіп келеді. Кәсіби жолын педагог ретінде бастаған ол басқарушылық қызметтің түрлі сатыларынан өтті. Соңғы екі жылда Астана қаласындағы Халықаралық мектеп директорының даму ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.
Жас басшы өз қызметінде мектептің заманауи тәсілдер мен инновациялық бағытта дамуына ерекше мән беретінін атап өтті. Педагогикалық ұжыммен алғашқы кездесу барысында ол мектептің өңірдегі сапалы білім беру орталығы ретіндегі мәртебесін одан әрі арттыру жолында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын екенін жеткізді.