logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Жаңа кезең, жаңа мүмкіндіктер

28 тамыз 2025 16:35

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 7-сыныпқа қабылданған жас зияткерлер үшін бейімделу күні өтті.

Оқушылар жаңадан қадам басқан мектеп өмірімен, ішкі тәртіп ережелерімен, күн тәртібімен және NIS құндылықтарымен танысты. Педагог-кураторлар оқу-тәрбие ортасының ерекшеліктері туралы ақпарат берді. Ал психолог мамандар сыныптарды біріктіруге, бір-бірімен жақынырақ араласуына бағытталған тренингтер мен интерактивті сабақтар өткізді.

— Біздің мақсатымыз — әрбір оқушының жаңа ортаға тез бейімделуіне көмектесу, жаңа оқу жылын сәтті бастауға бағыт-бағдар беру. Барлық оқушыларға оқуда сәттілік тілейміз және жақсы нәтижелер күтеміз, — деді мектеп директоры Акбар Тусупбаев.