Жаңалықтар
Жетінші сынып оқушылары мектеп кітапханасымен танысты
11 қыркүйек 2025 15:47
Қызылордадағы NIS мектебінде 7-сынып оқушылары үшін кітапханалық-библиографиялық сабақтар өткізілді. Онда оқушылар кітапхананы пайдалану ережелерімен, кітап қорының мазмұнымен, сондай-ақ кітап оқуға баулуға арналған түрлі жобалармен, акциялармен және іс-шаралармен танысты.
Мектеп кітапханасының қоры 25 мыңға жуық кітаптан тұрады. Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі оқулықтар, көркем әдебиеттер, анықтамалықтар, ғылыми-танымдық еңбектер мен мерзімді басылымдар бар. Жыл сайын кітапхана ор электрондық басылымдармен және мультимедиялық қосымшалармен толықтырылып, заманауи ақпарат орталығына айналып отыр.
Танысу барысында жас зияткерлер Twig-bilim, Bilimland, iTest және Gale сияқты заманауи электрондық білім беру платформалары туралы мағлұмат алды. Бұл ресурстар оқушылардың білімін тереңдетіп қана қоймай, өздігінен ізденуіне және жаңа ақпаратты игеруіне мүмкіндік береді.
