Жаңалықтар
Оқу, құндылықтар және серіктестік: Қызылордадағы NIS-те ата-аналар жиналысы өтуде
12 қыркүйек 2025 16:22
Мектебімізде 7–12-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған жалпы мектепішілік жиналыстар өтуде. Кездесулердің мақсаты – жаңа оқу жылының басымдықтарын айқындап, мектеп пен ата-аналар арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Мектеп директоры Акбар Тусупбаев жаңартылған әкімшілік-басқару құрамын таныстырып, білім ордасының негізгі құндылықтарына тоқталды. Сондай-ақ бірнеше жылдан бері дәстүрге айналған ұялы телефонсыз білім алу қағидасының жалғасатынын атап өтті. Бұл талап оқушылардың оқу үдерісіне толық зейін қоюына ықпал етеді.
Жиналыстың екінші бөлімінде ата-аналар шаңырақ кураторларымен кездесіп, Академиялық адалдық қағидалары мен Ішкі тәртіп ережелерімен танысты. Сонымен қатар Балаларды қорғау саясаты мен Бағалау жүйесінің ерекшеліктері туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Бұл шара – мектеп пен ата-аналардың ортақ мақсат жолындағы серіктестігін нығайтып, оқушылардың жан-жақты дамуына қолдау көрсетуге бағытталған маңызды қадам.