logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS-тің үздік тәжірибесі – өңір мектептеріне

24 қыркүйек 2025 10:43

Бүгін мектебіміз Қызылорда қаласындағы Н. Ахмадеева атындағы №112 орта мектебімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Келісім аясында ұстаздарға сабақты жоспарлау мен оқушыларды бағалау бойынша жан-жақты қолдау көрсетіліп, оқыту семинарлары мен тағылымдамалар ұйымдастырылатын болады.

Ынтымақтастықтың басты мақсатЫ – NIS тәжірибесіндегі заманауи оқыту тәсілдерін жалпы білім беретін мектеп үдерісіне енгізу және өңір педагогтеріне әдістемелік қолдау көрсету.