Жаңалықтар
Тілдік құзыреттілікті дамытуға бағытталған ынтымақтастық
24 қыркүйек 2025 16:33
IDP IELTS білім беру орталығының мамандары мектебіміздің жоғары сынып оқушыларына арнап Workshop өткізді.
Шара барысында орталық оқытушылары халықаралық IELTS емтиханына дайындық стратегиялары, оның талаптары мен ерекшеліктері туралы жан-жақты түсіндіріп, ағылшын тілін меңгерудің артықшылықтары мен ұсынылатын мүмкіндіктерін таныстырды.
Кездесудің қорытынды кезеңінде мектеп пен білім беру орталығы арасында екіжақты келісімге қол қойылды. Құжат аясында оқушылардың шет тілін меңгеру дағдыларын жетілдіруге бағытталған ортақ бастамалар жүзеге асырылмақ.


