Жаңалықтар
«NIS бірге оқиық»: «Бауыр» повесін оқу және ой қорыту
01 қазан 2025 11:50
Мектеп кітапханасында «NIS бірге оқиық» жобасы аясында Марат Қабанбаевтың «Бауыр» повесіне арналған іс-шара өтті.
Шығарма мәңгілік құндылықтарды – туыстық байланыс, жауапкершілік пен өзара қамқорлықты арқау етеді. Повесть жақын жандарға жанашыр болуға, бауырлық қолдауды бағалауға және отбасының бірлігі әр адамның өміріндегі күш пен тірек екендігін түсінуге тәрбиелейді.
Кездесу барысында 7–8-сынып оқушылары, ата-аналар, кураторлар мен мұғалімдер бас қосты. Оқушылар отбасы құндылықтарына қатысты қазақтың мақал-мәтелдерін «Jenga Book» және «Lego Poetry» әдістері арқылы талдап, иллюстрациялар негізінде «StoryPuzzle» форматында шығарма желісін сипаттады, сондай-ақ қызықты Flippity викторинасында туындының мәнін тереңірек ұғынуға мүмкіндік алды.