Жаңалықтар
Мың алғыс ұстазға
03 қазан 2025 14:39
Мектеп оқушылары Ұстаздар күніне арнап мерекелік концерт ұйымдастырды. Оқушылар түрлі музыкалық қойылымдар дайындап, мұғалімдеріне деген алғыстарын жеткізді.
Іс-шара барысында бірқатар мұғалімдер мектеп директоры мен Қызылорда облысы білім басқармасы басшысының атынан Құрмет грамоталары және Алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар, екі үздік педагог «Жас геолог» корпоративтік қорының алғысына ие болды.







