Жаңалықтар
Alumni Talks: байланыста Қытай мен Корея
07 қазан 2025 14:44
Өткен аптада жоғары сынып оқушылары 2025 жылғы түлектер – Оңтүстік Кореядағы Hanyang University студенті Нұрсұлтан Алибaевпен және Қытайдағы NYU Shanghai студенті Айхан Орынбаймен кездесті. Олар шетелдік жоғары оқу орындарына түсу және оқу тәжірибелерімен бөлісіп, емтиханға дайындық пен студенттік өмірдің ерекшеліктері туралы әңгімеледі.
Hanyang University – QS World Rankings 2026 бойынша әлемнің үздік 160 университетінің қатарына кіреді. Инженерия, бизнес және инновация бағыттарындағы мықты бағдарламаларымен танымал.
Ал NYU Shanghai – TOP-55 QS World Rankings 2026, Нью-Йорк университетінің үш кампусының бірі. Күрделі академиялық бағдарламасымен және халықаралық оқу ортасымен ерекшеленеді.
Нұрсұлтан Гонконг, АҚШ, Корея және Швейцарияның 9 беделді университетінен, ал Айхан Австрия, Қытай, АҚШ, Германия және Ресейдің 19 жетекші оқу орнынан шақыру алған. Кездесуде түлектер халықаралық STAT, IELTS емтихандарына дайындық және мотивациялық эссе жазу бойынша пайдалы кеңестерімен бөлісті.
Бұған дейін 2021 жылғы түлек Зарина Алтыбай, қазіргі таңда Оңтүстік Кореядағы Yonsei University студенті, өз тәжірибесімен бөліскен болатын. Бұл жұмыстар оқушыларға кәсіби бағдар беру және болашақ жоғары оқу орнын таңдауда қолдау көрсетуге бағытталған.
