logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Қызылордадағы NIS оқушылары Idea Battle байқауында жүлделі болды

13 қазан 2025 15:00

Сыр өңірінде өткен Kyzylorda Idea Battle инновациялық идеялар байқауында Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары денсаулық сақтау, білім беру, қауіпсіздік және маркетинг салалары бойынша 11 IT-жобасын таныстырды.

Өнертапқыш өрендер қазіргі заманғы технологияларды қолдану арқылы әлеуметтік және тәжірибелік мәселелерді шешудің тиімді жолдарын ұсынды.

Ең ерекше марапат – Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің білім грантын Ерасыл Айдарбек иеленді. Оның «Remotion» жобасы – инсульттан кейін қолдың ұсақ моторикасын ойын арқылы қалпына келтіретін портативті құрылғы. Бұл шешім ауылдық өңірлерге қолжетімді әрі тиімді медициналық құрылғы ретінде жоғары бағаланды.

Kyzylorda Idea Battle байқауы өңірдің жастар стартап-экожүйесін дамытуға және идеялармен алмасуға арналған маңызды алаңға айналды.