logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

IELTS-тан 8,5 балл: Нұрисламның рекордтық жетістігі

21 қазан 2025 10:46

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Нұрислам Дамирұлы ағылшын тілінен халықаралық IELTS емтиханында ең жоғары 9,0 балдың ішінен 8,5 балл жинап, мектеп тарихында рекордтық жетістікке қол жеткізді.

IELTS емтиханы – ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтайтын әлемдегі ең беделді емтихандарының бірі. Нұрисламның бұл нәтижесі оның тыңдалым, оқылым, жазылым және айтылым дағдыларын жоғары деңгейде меңгергенін дәлелдейді.