logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Қызылордадағы NIS оқушылары – EdTech Hackathon байқауының жүлдегерлері

21 қазан 2025 11:21

Сыр өңіріндегі NIS оқушылары Нұрдаулет Әділбек пен Дәулет Сейітқұл EdTech Hackathon байқауында III орын иеленді.

EdTech Hackathon – оқушылар мен студенттер арасындағы білім беру үдерісі мен оқу орындарының жұмысын жақсартуға бағытталған инновациялық IT-жобалар сайысы.

Биыл қатысушылар үш аталым бойынша 56 жоба ұсынды: инклюзивті білім беру платформаларынан бастап, мұғалімдерге арналған цифрлық көмекшілерге дейін. Қызылордалық зияткерлер мұғалімдер бірлестігінің жұмыс кестесін тиімді жоспарлау мен оңтайландыруға арналған платформа әзірледі.

Жоба қазылар алқасының жоғары бағасын алып, 200 000 теңге көлеміндегі қаржылай қолдау тапты.