logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Республика күніне арналған танымдық сайыс

22 қазан 2025 12:38

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 7-сынып оқушылары арасында мақал-мәтел мен патриоттық әндер сайысы өтті. Іс-шара «Қазақ әндері» және «Менің өмірімде қолданылатын мақал-мәтелдер» жобалары аясында, Республика күні мерекесіне орай ұйымдастырылды.

Байқаудың басты мақсаты – оқушылардың отансүйгіштікке тәрбиелеу, ұлттық мәдениет пен өнерге деген қызығушылығын арттыру.

Сайыс барысында қатысушылар «Туған жер» тақырыбында мақал-мәтелдерді тауып, олардың мағынасын түсіндірді. Сондай-ақ, танымал патриоттық әндерді табу және топпен орындаудан жарысты.