Жаңалықтар
Алғаш рет оқушылар айтысы өтті
23 қазан 2025 16:08
Қызылорда қаласындағы NIS-те алғаш рет оқушылар арасындағы айтыс өтті. Айтысқа мектептің 7-9 сыныптар қатысып, өзара суырыпсалмалық өнерін көрсетті. Жас айтыскерлер ел бірлігі, туған жерге сүйіспеншілік, білім мен руханият тақырыптарында сөз қағыстырды.
Шара барысында оқушылардың тапқырлығы мен шешендік қабілеттері, ұлттық құндылықтарға деген құрметі ерекше танылды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама алдағы уақытта дәстүрлі түрде өткізіліп, оқушылардың ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталмақ.
Алғашқы айтыс оқушылар мен ұстаздар тарапынан жылы қабылданып, көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлады.