logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Мерекелік марапат

27 қазан 2025 16:52

Республика күніне орай Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде салтанатты шара өтті. Оқушылар өнер көрсетіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Кеш аясында үздік педагогтер марапат төрінен көрінді. Биология пәні мұғалімі Несібелі Башенова «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды. Айгүл Зейнулла оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасына ие болды.

Сондай-ақ, тағы 10 қызметкерге мектеп директорының Алғыс хаттары мен Құрмет грамоталары табысталды.