logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Қызылордадағы NIS оқушылары ғылыми жобалар байқауында жүлделі болды

30 қазан 2025 17:08

Сыр өңіріндегі Зияткерлік мектеп оқушылары республикалық ғылыми жобалар сайысының желілік кезеңінде жоғары нәтиже көрсетті. Биылғы байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 200-ге жуық оқушы қатысып, өздерінің зерттеулері мен инновациялық өнертабыстарын ұсынды.

Қызылордалық зияткерлер 18 жоба қорғап, нәтижесінде екі І орын, екі ІІ орын және төрт ІІІ орын иеленді.

I орын: Торғын Ерланқызы, Лағыл Амангелді (жетекші – Арай Нурбаева); Гүлім Болатқызы (жетекші – Гаухар Мананбай).

II орын: Айзере Жақыпбек (жетекші - Шолпан Закирова), Мирас Лесхан (жетекші - Мира Дөненхожаева, Айбек Оналбаев).

III орын: Ерасыл Айдарбек, Әділхан Торғай (жетекші - Әділжан Науан); Расул Мамрайхан, Бағдәулет Қазбеков (жетекші - Разия Баймұрзаева, Диас Асылбек); Адияна Әжібекова (жетекші - Мұхтар Бегайдаров, Мұрат Базарбек); Сұлтан Қошнияз, Нұрислам Дамирұлы (жетекші - Жанат Есетова, Нұрбол Уақбаев).

Бұл жетістік – NIS оқушыларының ғылымға, ізденіске және жаңашылдыққа деген жоғары қызығушылығының нәтижесі.