Жаңалықтар
Тарихты ойын арқылы тану
04 қараша 2025 17:19
Қызылордадағы NIS оқушысы Гаухар Марат құрастырған «Алтын тақ» танымдық үстел ойыны Қазақ хандығы дәуірін жаңаша көзқараспен танытатын ерекше жоба болып табылады.
Ойынның мақсаты – Қазақ хандығы кезеңіндегі хандардың ел басқарудағы қызметін тарихи деректер негізінде зерттеу, сондай-ақ тарихи тұлғалардың рөлін бағалау арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру.
Жоба тарих пәні мұғалімі Айгүл Зейнулланың жетекшілігімен дайындалған. Ұстаз бен шәкірттің бірлескен еңбегі нәтижесінде дүниеге келген жоба тарихты заманауи форматта үйретеді.
Гаухардың жұмысы NIS Ustaz Қазақстан тарихы және құқық негіздері қауымдастығының «Олимпиада және конкурстар комитеті» ұйымдастырған Қазақ хандығының 560 жылдығына арналған «Тарихи тағылым» республикалық желілік байқауында І орынға ие болды.