Жаңалықтар
Байланыста Корея: NIS оқушылары Пусан мектебінің білім алушыларымен кездесті
21 қараша 2025 17:18
Қызылорда қаласындағы NIS пен Оңтүстік Кореяның Пусан қаласындағы «Пениел» өнер мектебі оқушылары арасында халықаралық телемост өтті.
Кездесу барысында қатысушылар екі елдің тарихы мен мәдени дәстүрлеріне шолу жасап, қызығушылықтарымен бөлісті және екі елдің оқу үдерісінің ерекшеліктерін салыстырды.
Шараның мақсаты – оқушылардың ағылшын тілі деңгейін арттыру, мәдениетаралық коммуникацияны дамыту және дүниетанымын кеңейту болды. Телемостты ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Камилла Клышбекова ұйымдастырды.