logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Syntharion: Аяулым мен жетекшісі Айнұр Құрақбаеваның ғарыштық инновациясы

02 желтоқсан 2025 11:31

Қызылорда қаласындағы NIS-тің 10-сынып оқушысы Аяулым Тәуекел мен жетекшісі Айнұр Құрақбаевамен бірлесіп «Syntharion» жобасын жасап шықты. Бұл жылдам және әлсіз көрінетін астероидтарды анықтайтын жасанды интеллект жүйесі.

EfficientNet-B1 нейрожелісін қолданып, дәстүрлі әдістер байқамай қалатын NEO-объектілерді табатын бұл база қолмен белгілеуді қажет етпейтін, нақты астероид іздерін модельдеуге мүмкіндік береді.

Жоба авторларының айтуынша бар болғаны тек 4 түндік бақылауда 4 жаңа астероид табылды және бұл технологияның нақты аспанда да жұмыс істейтінін дәлелдеді.

Жоба планетарлық қауіпсіздікті арттырып қана қоймай, еліміздің ғарыштық зерттеулер мен инновациядағы рөлін күшейтеді.

Айта кету керек, Syntharion жобасы NASA International Space Apps Challenge халықаралық байқауында да жоғары бағаланып, 1-орынды иеленді.