Жаңалықтар
Ақмарал Дәулетиярованың ғылыми еңбегі халықаралық журналда жарияланды
01 желтоқсан 2025 11:40
Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Акмарал Дәулетиярова халықаралық ғылыми қауымдастықта жоғары беделге ие басылымда зерттеу жұмысын жариялады. Оның «Gender and secondary school students’ engagement in STEM subjects: a qualitative study» атты мақаласы Scopus дерекқорының Q1 CiteScore Best Quartile санатына кіретін Compare: A Journal of Comparative and International Education журналында жарық көрді.
Зерттеу Назарбаев Университетінің профессоры Наурин Дурранимен бірлесе дайындалған. Олар гендер факторының мектеп оқушыларының STEM пәндеріне қызығушылығы мен қатысуына ықпалын талдады. Зерттеу әдістемесі ретінде 12-сынып оқушыларымен жүргізілген фокус-топтық талқылаулар қолданылып, деректер постструктуралистік көзқарас негізінде сарапталды. Мақалада оқушылардың STEM саласына қатысуын айқындайтын дискурсивті құрылымдардың қалыптасу тетіктері және олардың білім беру үдерісіне ықпалы жан-жақты қарастырылған.