Жаңалықтар
NIS мұғалімдері Байқоңыр мен Қазалы мектептеріне әдістемелік қолдау көрсетті
26 қараша 2025 12:18
Қызылордадағы NIS-тің директоры бастаған бір топ мұғалімдер Байқоңыр қаласындағы №277 және Қазалы ауданының №266 мектеп-лицейлеріне жұмыс сапарымен барды. Ұстаздар әріптестерінің сабақтарын бақылап, қажеттіліктерін анықтады және білім беру үдерісін жақсарту бойынша ұсыныстар берді.
Мұғалімдерге арналған шеберлік сыныптарында онлайн-платформаларды пайдалану, ғылыми жобаларға жетекшілік ету, саралап оқыту әдістері, функционалдық сауаттылық пен тіл дағдыларын дамыту, тапсырмаларды әзірлеу және бағалау бойвнша әдістемелік қолдау көрсетті. Сондай-ақ, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу жолдары бойынша тренинг өткізді.
Мектептің зертханашы қызметкерлері үшін зертханалық жабдықтарды тиімді қолдану бойынша практикумдар өткізілді.




