Жаңалықтар
Кураторлар мен тәрбиешілер оқушының зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру жолдарын талдады
13 қаңтар 2026 16:12
Қызылорда қаласындағы NIS-те тәрбиешілер мен кураторларға арналған «Оқушылардың зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру жолдары» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Семинарды Сингапур менеджмент университеті кітапханасының халықаралық кәсіби даму бағдарламалары бойынша сарапшысы Раджен Муноның курстарынан өткен мектептің педагог-кітапханашысы Бағдат Төлепбергенова жүргізді.
Семинар барысында қатысушылар білім беру үдерісінде жасанды интеллект құралдарын қолдану мүмкіндіктерін талқылап, оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру жолдарын меңгерді. Сонымен қатар тиімді зерттеу сұрақтарын құрастыруға машықтанды. Практикалық бөлімде педагогтер «Жасанды интеллект: факт пе, әлде миф пе?» атты белсенді іс-әрекеттерге қатысып, алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолданды.
Семинар мазмұнды әрі нәтижелі өтіп, педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына және оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамытуға бағытталған құзыреттерін кеңейтуге ықпал етті.