logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS Hackathon: желілік кезең жеңімпаздары анықталды

17 ақпан 2026 11:03

Қызылордадағы NIS-те NIS HackathonIT-жобалар байқауының желілік кезеңі өтті. 16 топ ақпараттық технологиялар саласындағы өз жобаларын ұсынды.

Сайыстың негізгі мақсаты – оқушылардың бағдарламалауға қызығушылығын арттыру, командалық жұмыс дағдыларын және инновациялық ойлау қабілеттерін дамыту.

Жарыс қорытындысы бойынша қалада орын алған оқиғаларды хабарлайтын жүйе құрастырған SS командасы 1-орынға ие болып, 40 000 теңге жүлдені жеңіп алды. Axiom командасы жасап шығарған техникалық жұмыстар мен төтенше жағдайларды хабарлайтын веб-платформа 2-орынға (30 000 теңге), LeClerc командасының қайта өңделген өнімдерді қадағалауға арналған мобильді қосымшасы 3-орынға (20 000 теңге) лайықты деп танылды.