Жаңалықтар
Мектеп психологі Жадыра Қонысбаева республикалық байқауда кәсіби шеберлігімен ерекшеленді
13 наурыз 2026 14:37
Алматы қаласында өткен «Үздік жыл психологі» республикалық байқауында Қызылордадағы Зияткерлік мектептің педагог-психологі Жадыра Қонысбаева ІІ орынға ие болды.
Байқауда ол «Эмоция мен дарын үндестігі: тұлғалық үйлесімнің жаңа формуласы» атты авторлық бағдарламасын ұсынды. Жоба жасөспірімдердің эмоционалдық интеллектісін дамытуға, психологиялық тұрақтылығын нығайтуға және тұлғалық әлеуетін ашуға бағытталған.
Бағдарламада трансформациялық коучинг ойыны, арт-терапия әдістері және автор әзірлеген МАК-карталары қолданылады.
Айта кетейік, «Үздік жыл психологі» республикалық байқауын жыл сайын Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырады. Байқау педагог-психологтердің кәсіби шеберлігін арттыруға және озық тәжірибелерді таратуға бағытталған.
