Жаңалықтар
Дүниежүзілік денсаулық күні атап өтілді
07 сәуір 2026 09:46
7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай Қызылорда қаласындағы NIS-те салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған бірқатар іс-шаралар өтті.
Таңертең мектеп ауласында сергіту жаттығулары ұйымдастырылды. Дене шынықтыру пәні мұғалімдері оқушыларды, педагогтер мен мектеп қызметкерлерін түрлі спорттық белсенділіктермен қарсы алды. Қатысушылар доппен жүгіру, секіртпемен секіру, ләңгі тебу секілді қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындап, бой сергітті.
Күннің екінші бөлігінде оқушылар кезең-кезеңімен футбол алаңына жиналып, флешмоб арқылы салауатты өмір салтын насихаттады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар денсаулық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етіп, тұрақты түрде дене белсенділігімен айналысудың маңыздылығын еске салады.


