logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Өрт кезіндегі қауіпсіздік: әрекет ету алгоритмі және алғашқы көмек

10 сәуір 2026 11:46

Мектебімізде «Өрт кезіндегі қауіпсіздік шаралары және іс-әрекеттер» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Іс-шараның мақсаты – қызметкерлердің төтенше жағдайларға дайындығын арттыру және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.

Нұсқаулық барысында еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі инженері Марат Сәтбай өрт кезінде дұрыс әрекет ету алгоритмін түсіндіріп, алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдану тәсілдерін көрсетті. Қатысушылар өрт туралы хабарлау тәсілдерімен, жеке қауіпсіздік шараларымен және ғимарат ішіндегі қауіпсіздік ережелерімен танысты.

Екінші бөлімде дәрігер-педиатр Жанат Наренова күйік шалған жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету жолдарын түсіндіріп, төтенше жағдайларда әрекет ету дағдыларымен бөлісті.

Мұндай іс-шаралар әр қызметкердің жауапкершілігін арттырып, өмір мен денсаулықты сақтауға бағытталған маңызды қадам болып табылады.