logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Ғайнижамал Берікқызы қазақ тілінің білгірлері додасында үздік атанды

11 мамыр 2026 10:20

Қызылорда қаласындағы NIS оқушысы Ғайнижамал Берікқызы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен дәстүрлі республикалық олимпиадада III орын иеленді.

Олимпиадаға еліміздегі білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары арасынан өңірлік іріктеу кезеңінен сәтті өткен 220 оқушы қатысты. Дарынды балалар эссе жазып, қазақ тілі мен әдебиеті шығармалары, Қ.О. Бітібаеваның өмірбаяны, ғылыми-педагогикалық мұрасы мен публицистикалық еңбектері бойынша білімдерін сарапқа салды.

Ғайнижамалдың эссе тақырыбы – «Сөз өнерін оқытудың шеберлік мектебі». Оқушы өз жұмысында сөз құдіреті, шешендік өнер мен ұлттық әдебиетті оқытудың маңызын терең ашып, шығармашылық көзқарасы мен жоғары дайындық деңгейін көрсете білді.

Олимпиада барысында қатысушылардың тіл байлығы, әдеби талдау жасау шеберлігі және сыни ойлау қабілеті бағаланды. «Ғайнижамалдың жүлделі орны – табанды еңбек пен жүйелі дайындықтың нәтижесі», – дейді жетекшісі Гүлзат Шынтасова.