logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

135 түлек, халықаралық жетістіктер мен шексіз мүмкіндіктер

22 маусым 2026 14:47

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 2026 жылғы түлектеріне аттестат табыстау салтанатты шарасы өтті.

Биыл 17 түлек Үздік аттестат иегері атанса, 2 түлек Алтын белгісін растады. Әрбір алтыншы түлек Назарбаев Университетіне шақырту алып, тағы 15 зияткер Гонконг, Италия, Жапония, Оңтүстік Корея, Литва және Венгрия елдерінің жетекші жоғары оқу орындарына грант жеңіп алды.

Оқу жылдары ішінде түлектер халықаралық аренада жоғары нәтижелер көрсетіп, олимпиадалар мен ғылыми байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды.

IELTS пен SAT секілді халықаралық емтихандардағы жоғары нәтижелер, ғылыми зерттеулер мен инновациялық жобалар олардың білімге деген ұмтылысы мен жаңа белестерді бағындыруға дайын екенін дәлелдейді.