logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS әлеміне алғашқы қадам

25 тамыз 2026 08:54

7-сынып оқушылары үшін бағдарлау апталығы басталды

Бүгін Қызылорда қаласындағы NIS-те 7-сынып оқушыларына арналған бағдарлау апталығы бастау алды. Оқушылар алғаш рет мектеп табалдырығын NIS шәкірті ретінде аттап, сыныптастарымен танысты және жаңа ортадағы оқу үдерісі туралы ақпарат алды.

Оқушыларға сабақтардың ұйымдастырылуы, мектептің ішкі тәртіп ережелері мен академиялық адалдық қағидаттары таныстырылды. Алдағы күндері жас өрендер тілдік пәндер бойынша сабақтарға қатысып, мұғалімдермен танысатын болады.

Бағдарлау апталығы оқушылардың жаңа ортаға бейімделіп, өздерін үлкен NIS қауымдастығының бір бөлігі ретінде сезінуіне мүмкіндік береді.