logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Жаңа кезең. Жаңа мүмкіндік. Жаңа жауапкершілік.

01 қыркүйек 2026 16:24

Бүгін NIS Қызылордада Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Дәстүр бойынша мектеп ауласында ұйымдастырылған мерекелік шара жаңа оқу жылының басталуын айшықтады.

Мереке NIS табалдырығын алғаш рет аттаған жетінші сынып оқушыларын құрметпен қарсы алудан басталды. Биыл 130 оқушы «Өркен» білім беру грантының иегері атанды. Оларға оқушылардың қабілетін ашуға, бастамаларын жүзеге асыруға және мектеп өміріне белсенді араласуға мүмкіндік беретін жобалар мен мектеп дәстүрлері таныстырылды.

Оқушылардың шығармашылық өнері мерекеге ерекше сән берді. Талантты өрендер ән арқылы мектептің әр оқушы үшін маңызын және ұстаздар мен шәкірттерді біріктіретін құндылықтарды жеткізді.

Мектеп директоры Акбар Тусупбаев өз құттықтау сөзінде мектеп қауымдастығының соңғы жетістіктеріне тоқталды. Сондай-ақ алдағы оқу жылының негізгі міндеттерін атап, оқушылар мен ұстаздарға толағай табыс тіледі.

Жаңа оқу жылының басталғанын білдіретін қоңырау соғу құрметі мектептің үздік оқушыларына берілді.